Мәзхабтар арасында мәселе болмауы керек

Мәзхабтар арасында мәселе болмауы керек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Есімі елге белгілі дінтанушы, шейх Мұхаммед әл-Махфуз мұсылмандарды бейбіт әрі тату өмірді бағалап, адам құқығына құрметпен қарауға шақырды.

Ғалым мәзхабтар арасындағы айырмашылықтың асыл дініміздің бірлікке үндейтін қағидасына қайшы келмеуі керектігін және мұсылмандардың ауызбіршілігіне сызат түсірмеуі қажеттігін ескертті. «Түрлі мәзхаб өкілдері өз ұстанымдарын насихаттағанда көзқарасы өзгеше мұсылмандарды кеудесінен итермеуі керек»,- деп есептейді шейх.

Сондай-ақ, ол ислами азаматтық қоғамда түрлі мектеп өкілдерін ынтымаққа бастайтын интеграциялық институттарды құрудың қажеттілігіне тоқталды. «Фиқһ пен идеологияға деген түрлі көзқарастың арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, барлық ағымның өкілдері кіретін институт құру қажет. Бұл мұсылмандар арасындағы алауыздықты азайтуға септігін тигізер еді»,- деді ол сөзінің соңында.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: