Моңғолия. 19 желтоқсан. BAQ.KZ – Моңғолия Республикасы Өлгей орталығындағы Қариялар сарайында имамдардың жылдық кезекті басқосуы өтті,-деп хабарлайды Кaznews.mn.
Алғы сөзді Хобда өлкесінің бас имамы Хузайрхан қажы Қасиетті Құран Кәрим аяттарымен бастады. Имамдардың көпшілігі елдегі діни ахуал, қысқы маусымға дайындық, мешіттерден шағын діни кітапхана ашу, уағыз, үгіт-насихат жұмыстары, шәкірт оқыту сынды мәселелерге ерекше тоқталды.
Қариялар сарайында өткен семинардың екінші отырысы кезінде имамдар Советхан қажыға жылдық есептерін өткерді. Жиын соңында әкім Батырбек қажы Сауд Арабиясының Құран баспаханасында басылған Халипа Алтайдың аударған Құранның мағынасы және түсініктемесін қамтыған 44 дана Қасиетті Құран Кәрімді, үстіміздегі желтоқсан айында басылған Шарапат газетін, ҚМДБ-ның Моңғолия имамдарына берген шапандарын, сондай-ақ арнайы жеке куәліктерін табыс етіп, мешітке екі тонна көмір беретіндігін айтты.