Т. Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешіті араға жыл салып, 2021 жылдың алғашқы жұма намазын оқыды. Пандемиядан кейінгі оқылған бұл жұма намазында карантиндік талаптар толықтай сақталды.
Сонымен қатар, аудандағы «Қасымбай ата» мешіті, Луговой ауылындағы «Әл-Хақ» пен «Жүсіп» мешіттері де биылғы жылдың алғашқы жұма намаздарын оқыды. Алла баршамыздың қасиетті жұма күні жасаған құлшылығымызды қабыл етсін!
Т. Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі