Шу аудандық "Төле би" мешітінде «Бейбітшілікпен келісім» жобасы аясында, ауданға қарасты барлық имам-молдалардың қатысуымен жиын өтті. Аталмыш жиынға облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Бахтияр Әміреев, Жамбыл облысы Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров, Ақниет ақпараттық түсіндіру және оңалту орталығының теолог консультанты Рахымжан Сағынай және ауданның бас имамы Аят қажы Дыбысұлы қатысты.
Жиында көп деген маңызды мәселелер қамтылды. Атап айтатын болсақ, мешіттің ішкі-сыртқы тәртіп ережелерің, аудан, қала мешіттерінде жұма намазы оқылуына байланысты карантиндік шараларды сақтау, офлайн сабақтардың шарттары, мектеп қабырғасындағы оқушылар сабақты тастап, мешітке келіп намаз оқымауларын қолға алу және имамдық этика сынды тақырыптар сөзге тиек етілді.
Жиынға қатысқан ауыл имам-молдалар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі