#ЖУАЛЫ: ЖАҢА АУДАН ӘКІМІ ӨҢІРМЕН ТАНЫСУДЫ МЕШІТТЕН БАСТАДЫ

#ЖУАЛЫ: ЖАҢА АУДАН ӘКІМІ ӨҢІРМЕН ТАНЫСУДЫ МЕШІТТЕН БАСТАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы бойынша аудандық орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде жаңа тағайындалған аудан әкімі Қаржауов Олжас Есілханұлы арнайы аудан имамы  Нұрланмен Амирбаевпен, аудан қарияларымен кездесті. Кездесуде мешітке жиналған көпшілікке қасиетті Құран оқытылып өткендердің рухтарына құран бағышталды.

Кездесу барысында аудан әкімі Олжас Есілханұлы  ардагерлер кеңесінің төрағасы және зиялы қауым өкілдерінен ақыл-кеңесін тыңдайын және қариялардың батасын алайын, баршамыз мұсылман баласы болғандықтан Алланың үйінде өткендерге құран оқытып, арнайы мешіттен бастағанды жөн көрдім деп сөзін сабақтады.

 Ауданның қариялары жаңа келген аудан әкіміне баталарын беріп, өз тараптарынан қолдау көрсетілетіндігін айтты. Басшысы бастай білсе, он кісі жүзді жеңеді дегендей келген қариялар мен зиялы қауым өкілдері ауыл-аймақтағы өзекті мәселелерді ортаға салып, өз пікірлерін білдірді. Жиын соңында қариялар ақ баталарын беріп, дән риза болып тарқасты.

 Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: