ҚМДБ Орталық аппаратының «Хәкім Абай» кітапханасында «Зейін» оқырмандар клубының кезекті отырысы өтті.
Кітапсүйер оқырмандардың басқосуында мотивациялық және тарихи жанрдағы төрт кітап талқыланды. Атап айтқанда, ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Махамбет Искандеров Хэл Эродтың «Таң шапағаты» кітабын, Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Көпен Келли Макгонигалдың «Ерік-жігер күші» кітабын түсіндіріп өтті. Ал тарих пәнінің мұғалімі Нұрлыбай Алтаев Лев Гумилевтің «Соңы және қайта бастау» кітабын оқырмандармен бірге талқыласа, клубтың ең жас оқырманы Майра Ділдақан Джон Кехоның «Түйсігіңмен ойлай біл» кітабы туралы ой түйді.
«Жиынның мақсаты – Паретто қағидасы негізінде (20/80) уақытты тиімді өткізу. Яғни спикерлер кітаптағы маңызды деген 20% ақпаратты слайд түрінде ұсыну арқылы оқырмандармен түсінгендері бойынша кітапты талқылап 80% нәтиже шығару. Ал клубтың жалпы мақсаты – қоғамды кітап оқуға қызықтыру мен жеңіл әдістерін көрсету, кітап оқуды трендке айналдыру, сауатты қоғам қалыптастыру және шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіру» дейді клуб жетекшісі Махамбет Искандеров.
Еске сала кетелік, «Зейін» оқырмандар клубына қосылу үшін @zeyin_oqy Instagram парақшасы арқылы жетекшілермен байланысуға болады.