Мұсылман қажылар Мекке мен Мединеге коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алғаннан кейін ғана бара алады. Бұл туралы Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігінің басшысы мәлімдеді. Ол әңгіме үлкен және кіші қажылыққа да қатысты екенін түсіндірді.
«Қажылыққа қатысудың басты шарты - жаңа коронавирусқа қарсы вакцинация», - деді елдің денсаулық сақтау министрі Тавфик аль-Рабия.
Биылғы жылы исламның қасиетті жерлеріне үлкен қажылық жасау рәсімі шілденің екінші жартысына түсіп отыр. Былтыр пандемияға байланысты қажылық тек 10 мың адамның қатысуымен өтті, оның 30% -ы саудиялықтар, 70% -ы елде тұратын шетелдіктер. Шет елден келген қажылар қажылыққа жіберілмеді.
asyldin.kz