Мобильді қосымша намаз сауабын 27 есеге арттыруға көмектеседі

Мобильді қосымша намаз сауабын 27 есеге арттыруға көмектеседі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркияда оқитын тайваньдық студент мұсылмандарға жамағатпен намаз оқу үшін мұсылмандарды табуға көмектесетін мобильді қосымшаны іске қосты, өйткені мұндай намаз сенушілер үшін үлкен мәнге ие.

Мұсылман отбасында тәрбие көрген және қазіргі уақытта Түркия астанасындағы Билкент университетінде оқитын Ченг Пинг өзі жасаған Wahdapp мобильді бағдарламалық жасақтамасы ақпан айының ортасынан бастап Google Play және Apple App Store қосымшаларында қол жетімді екенін айтты.

Әзірлеушінің айтуынша, қосымшаны пайдаланушылар жақын жерде басқа мұсылмандардың бар-жоғын біліп, жамағатпен намаз оқуға шақыру жібере алады. Бағдарлама сонымен қатар қолданушыға ең жақын ғибадат бөлмесін немесе мешітті табуға көмектеседі.

Ченг қосымшаны әзірлеуге бір жыл уақыт кетті, осы уақыт ішінде ол онлайн форумдарда Еуропа мен АҚШ мұсылмандарынан көптеген қолдау көрді. Ол ешқандай жарнамасыз қосымшаны ағылшын, араб, қытай, түрік, француз, орыс және Индонезия тілдерінде қол жетімді екенін айтты.

Айта кетейік, хадисте жамағатпен оқылған намаз үшін жеке орындалған намазға қарағанда 27 есе көп сауап берілетіні айтылған.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: