Түркістан әлемдік мұра қаласы ретінде танылды

Түркістан әлемдік мұра қаласы ретінде танылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстанның оңтүстігіндегі Түркістан қаласы ресми түрде Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымына мүше болды. Жергілікті әкімшіліктің хабарлауынша, 2 сәуірде Түркістан қаласында Еуразиялық әлемдік мұра қалаларының Х Халықаралық конференциясы өтеді.

Жолдауда Түркістанның OWHC-ке енуімен қаланың мәртебесі жоғарылайтындығы айтылған.

«Түркістандағы бүкіл әлемді өзінің аспан түстес күмбезімен жаулап алған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі енді туристердің назарында болады», - деп атап өтті жергілікті әкімшілік.

Дүниежүзілік мұра қалалар ұйымы 1993 жылы Мароккода ЮНЕСКО-ның қорғалатын жәдігерлерін басқару тәжірибесін әзірлеу мен енгізуді қолдау мақсатында құрылған болатын.

1500 жылдан асқан Түркістанда 46 ұлттың 260 мыңнан астам өкілі тұрады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: