Ислам революциясының жоғарғы жетекшісі Али Хаменеидің діни жарлығына сәйкес анимациялық фильмдердегі әйел кейіпкерлері хиджаб киюі керек.
Аятолла Хаменеи шешімін әлеуметтік желіде өзіне қойылған сұраққа жауап ретінде білдірді. Оқырман мультфильм кейіпкерлері жалпы ережелерге бағыну керек пе деп сұрады. Хаменеи былай деп жауап берді:
- Негізінде мұндай гипотетикалық жағдайда хиджаб киюдің өзі талап етілмейді. Алайда тыйым салудың бұзылуы нәтижесіз қалмайды. Сондықтан анимациялық фильмдерде де хиджаб кию талабы сақталуы керек.
Иранда мультфильмдер көрсетуге жауаптылардың қалай әрекет ететіні әлі нақты емес. Мүмкін, жай шарфтар мен орамалдарды қосып салатын шығар.
asyldin.kz