Некедегі ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы

Некедегі ерлі-зайыптылардың жас айырмашылығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ғылыми зерттеулер мен күнделікті тұрмыстағы тәжірибе көрсеткендей, отбасындағы жанжалдың көбі еркек пен әйелдің өзгешеліктерінен туып отырады. Сондықтан еркекке де, әйелге де некеге отырмай тұрып, отбасын нығайтуға жағдай жасайтын факторларды білгендері жөн. Ерлі-зайыптылардың арасындағы жас айырмашылықтың үлкен болмауы осы факторлардың бірі болып табылады. Алла Елшісінің + былай айтқаны келтірілген: «Өздеріңе қатарласқа үйленіңдер». Күнделікті тұрмыс тәжірибесін ескере отырып мынаны айтуға болады, кімнің ортақ қасиеттері басым болса сол жақсы болып табылады. Айта кету керек, ерлі-зайыптылардың арасындағы оңтайлы жас 3-4 жылды құрау керек. Әрине, отбасының сәттілігі тек жас айырмашылығына байланысты емес. Жас айырмашылығы сәттілік элементтерінің тек бірі ғана. Жас айырмашылығының үлкен болуы, келесі отбасылық қиындықтардың тууына әкеліп соғады:

1) Ерлі-зайыптылар арасындағы диалогты құрудың мүмкін еместігі. Көбіне ерлі-зайыптылар арасындағы үлкен жас айырмашылық олардың бір-бірін түсінбеудің себебіне айналады. Егер күйеуі әйелінен жиырма жасқа үлкен болса, онда ері барлық мәселелерді шешуде өзін жоғары санап, әйелінің пікіріне құлақ асуы қиындап кетеді. Өкінішке орай, бұл осындай некелерде кеңінен таралған мәселе. Бұл жас әйелдің өзін кем санауына және оны психологиялық қиындықтарға әкеліп соғады.

2) Физикалық жағынан сәйкес келмеу. Үлкен жас айырмашылығында ерлі-зайыптылар физикалық дамудың әртүрлі кезеңінде болады. Бұл да, өз кезегінде, отбасына теріс әсерін тигізеді.

3) Бірбеткейлік. Екі жас некеге отырып, отбасын құрғанда, олар өз қарым-қатынастарында үйлесімділік орнатады. Бала жас бұтақ іспеттес, оны әртүрлі етіп өсіруге болады, ал адам ержеткенде, ол ешбір жаққа бұруға келмейтін ағаш сияқты болады. Сондықтан егер жұбайлардың арасындағы жас айырмашылық үлкен болса, онда біреуі екіншісіне қатысты оралымды бола алмайды және бұл отбасындағы қиындықтар мен жанжалдың шығуына әкеліп соғады.

4) Нашар болжамдар мен негізсіз күдік. Кейде жас айырмашылығындағы алшақтық негізсіз күдік пен болжамдардың тууына себеп болады. Ең сорақысы, қағида бойынша, расында бұл күдіктердің ешбір негізі болмайды.

5) Өктемдікпен бағындыру. Жас жағынан үлкен адам өзін аса тәжірибелі әрі білушімін деп санайды да әйелін өктемдікпен бағындыруға болады деп санайды. Негізінде,

мұндай бұйрықтар тек жеке басты қанағаттандыру үшін беріледі, сол себепті, өз кезегінде отбасының күйреуіне әкеліп соғады.

6) Ұялшақтық. Жасы кіші әйелінің шектен шыққан ұялшақтығы, өз өмірін қиындатып жібереді. Ол тіпті нені қалайтынын да ұялып айта алмайтын болады. Мұның салдарынан басқа бір мәселе пайда болады – күйеуінен ұялып айта алмағанын, жұбайы бөтен адамдарға жайып салып отыратын болады. Бір-бірінің мәселелерін тыңдай алатын ерлі-зайыптылар, қандай қиындықты болса да оңай игеріп әкететін болады.

7) Толық еркіндіктің берілуі. Әйелінен көп жас үлкен күйеуі оның көңілін өзіне аударып алу үшін, жұбайының барлық назы мен еркелігін орындайтын болады. Мұны түсінген әйел, оған қиянат жасай бастайды. Бір кездері күйеуі оның әлдебір тілектерін орындай алмай қалса, әйелі оны тастап, басқа біреуге кетіп қалуы мүмкін.

8) Үрей мен үмітсіздік. Кейбір отбасында жас әйелдің өз күйеуінен қатты қорқатыны белгілі. Он бес жасында отыз жастағы еркекке тұрмысқа шыққан әйел өзінің күйеуінен қорыққандығы сондай, тіпті ол өлген соң да өзінің қалған өмірін одан қорқумен өткізуін жалғастырғанын айтқан екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: