ЖӘННӘТ - АЛЛАНЫҢ СЫЙЫ

ЖӘННӘТ - АЛЛАНЫҢ СЫЙЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам баласы жасыл желекті табиғатқа шықса, күйбең дүниені ұмытып, ой-өрісі кеңейіп (миы демалып), тынысы ашылып, өзін жақсы сезіне  бастайды. Демек, Алла Тағаланың құлдарына жәннәтті сүйіншілеуінің өзі де жанымыз бен тәніміз осы табиғаттан алыс еместігін аңғартатын тәрізді. Алланың біздерге берген нығыметтерін санар болсақ, сан жетпесі анық, сол нығыметтерінің бірі құлдарына арналған жәннәт екендігін айта кетсек.

«Жәннәт» бұл сөздің түбірі ( жәннә) сөзінен шыққан яғни «жасыру» деген мағынаны білдіреді. Біздер күнделікті көріп жүрген бау-бақшалардың сыртқы көрінісіне қарар болсақ, бақшаның сыртқы жапырақтары толық ішкі көрінісін жауып тұрғандығын байқаймыз, сол себепті жәннәттың  «жасыру» деп айтылуыда осында.

Жәннәт Алла Тағаланың құлдарына нәсіп ететін үлкен бір сыйы, бұл қуанышты хабар жайлы Раббымыз қасиетті кітабында былай деп баяндайды:   «Алла иманды ерлер мен иманды әйелдерге астынан өзендер ағып жататын, ол жерде олар мәңгі қалатын бақтарды және Адн жәннәттарындағы көркем үй-жайларды уәде етті. Ал, Алланың разылығы оданда үлкен. Міне, осы-шын, ұлы табыс» (Тәубе сүресі, 72-ші аят)   деп баяндайды.

Бірде пайғамбарымызға (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) шаштары ағарған, бетін әжім басқан бір қарт апа келіп былай дейді: «Уа, Алланың елшісі! Мен жәннәтқа осылай кіремін бе?» - деп сұрайды, сонда Алланың елшісі (Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Жоқ! Сен жәннәтқа осылай кірмейсің» деп жауап қайтарады. Әлгі қарт апа абдырап қалады. Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) қарт апаға: «Сен жәннәтқа бұл қарт бейнеде емес, жап-жас бейнеде кіресің» - дейді. Бұл Хадистен ұғынғанымыз адам баласы қартайып дүниеден озса да, жәннәтқа жас бейнеде кіретіндігін білдіріп тұр.

Бұл өмірде зағип болған жандардыңда жәннәтта он екі мүшесінің сау кейіпте болатындығы да ақиқат. Бұл да бір  Алланың біздерге берген үлкен бір сыйы деп ұғынамыз. Аллаға шүкір, қандай керемет бақыт.

  Рысбай АСЫЛБЕКҰЛЫ

Мойынқұм ауданының бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: