Халал дегені харам болып шықпас үшін

Халал дегені харам болып шықпас үшін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде халал өнімдердің сапасыз сертификатталуына байланысты тұтанған бірнеше дау-дамайдан кейін Норвегияның Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі басқармасы шариғат талаптарына сай келетін тағам өнімдерінің өндірісіне бақылауды күшейтетінін жариялады.

Аталмыш басқарманың мұндай қадамға баруына мұсылмандардың түрткі болған көрінеді. Олар осынау басқармаға Халал-2 белгісімен шығарылатын өнімдерге бақылауды күшейтіп, сертификаттауға қатысты жаңа талаптарды енгізу жөнінде өтініш білдірген екен.

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың наурыз айында «халал» атын жамылған норвегиялық кәсіпкердің ет өнімдерінің құрамынан доңыздың еті табылып, оның арты үлкен жанжалға ұласқан болатын.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: