Жамбыл облысы Байзақ ауданы "Байзақ баба" мешітінің бас имамы Азизов Рамиз Асимовичтің ұйымдастыруымен ҚМДБ-дан келген тапсырмаларды түсіндіру мақсатында ауыл имамдарының жиналысы өтті.
Жиналыста аудан бас имамы дін қызметкерлерінің әдепті болуы, халықпен сыпайы сөйлесуі имамдардың киімі мен шапаны және сәлдесі ҚМДБ бекіткен талаптарға сай болуы, жұма намазда сақтық шаралары сақталған болуы, мешіт тазалығы, жамағат арасында арақашықтықты сақтай отырып намаз оқу мәселелері сөз болды.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі