Әбу Зәррдің (р.а.) риуаяты бойынша, «Дүниемүлікке мына үш нәрсе ортақ болады.
Біріншісі – тағдыр. Қандай да бір апат не өлім келгенде, айырылып қалған мал-мүлкің саған жақсылық немесе жамандық әкелетінін айтпайды. Яғни, дүние-мүліктің саған жақсылық не жамандық алып келетінін біле алмайсың.
Екіншісі ─ мұрагерің. Артыңдағы мұрагерлер сені қашан өледі екен деп дүние-мүлкіңе ие болғанша асығады. Үшіншісі – өзің. Сен осы бәсекелестеріңнің алдында қауқарсыздық танытпауға тырыс, өйткені Раббымыз «Сүйген нәрселеріңді (дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім…)
Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар» деген. Қараңдар, бұл түйе менің ең жақсы көретін малым еді. Мен оны Алла үшін садақа еттім».
asyldin.kz


18 Желтоқсан 2025
27 Джумада-сани 1447

