Ибн Омардың күңін азат етуі туралы риуаят

Ибн Омардың күңін азат етуі туралы риуаят

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ибн Омардың (р.а) риуаяты бойынша, «Сүйген нәрселеріңді (дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім…) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде ізгілікке қол жеткізе алмайсыңдар» деген аятты естігенімде, Алланың берген нығметтерін көз алдыма елестеттім. Римдік Мәржана есімді күңнен басқа маған ешкім ыстық көрінбеді.

«Мәржана, бүгіннен бастап Алла үшін азатсың», – деп оны еркіне жібердім. Егер де Алла үшін берілген мал-мүлікті қайтарып алуға рұқсат болғанда, оны өзіме өмірлік жар етіп алар едім», – деді. Хакимнің риуаятынан да мына екі мағлұматты кездестіруге болады. «Ибн Омар бұл күңді өзінің азат еткен құлы Нәфимен үйлендірді. Кейін олар үбірлі-шүбірлі отбасына айналды». Нәфи: «Ибн Омардың баланы құшағына алып тұрып бетінен сүйіп, анаңнан аумай қалыпсың», – дегеніне куә болдым», – дейді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: