«Алматы ақшамы». «Қала және иман» һәм Бас мүфтидің тартуы (ФОТО)

«Алматы ақшамы». «Қала және иман» һәм Бас мүфтидің тартуы (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы, белгілі жазушы Қали Сәрсенбаймен және басылым ұжымымен кездесті.

Бас мүфти халықты бірлік пен ынтымаққа үндеп, ізгілік пен имандылыққа шақыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін айрықша атап өтті. Ержан қажы Малғажыұлы мемлекеттік мүдде мен елдің игілігін насихаттап келе жатқан «Алматы ақшамының» 25 жылдық мерейтойына орай газет қызметкерлерін торқалы тоймен құттықтады.

«Біз бейбіт заманда, Алланың берекеті төгілген тамаша дәуірде өмір сүріп отырмыз. Ендеше, жұртымызды жақсылыққа жұмылдырып, жастарымызды ізгілікке тәрбиелеу – баршаға ортақ міндет. Баспасөз өкілдері де осындай жауапкершілікті сезініп, еліміздің өркендеуіне, рухани дамуына үлес қосса нұр үстіне нұр. «Алматы ақшамы» ұжымына шығармашылық табыс, еңбекте жеміс тілеймін», – дей келе, бас редакторға электронды Құранды, басылымдағы «Қала және иман» бетін жүргізетін Сәрсенбек Бекмұратұлына қаламды тарту етті.

Қали Сәрсенбай газет тілшілері алдағы уақытта да Діни басқарманың игілікті істеріне ақпараттық қолдау білдіріп, имандылықты насихаттай беретінін жеткізді.

 

 
           
date27.11.2013 Басып шығаруsourceLinkMuftyat.kz 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: