Қазақстан – халықаралық Ислам фиқһы академиясы мүшесі (ФОТО)

Қазақстан – халықаралық Ислам фиқһы академиясы мүшесі (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы Корольдігінің Астанасы Эр-Риядта 18-22 қараша аралығында Ислам әлеміндегі белді ұйымдардың бірі - Халықаралық Ислам фиқһы (каноны) академиясының XXI съезі өтті. Аталмыш шарада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен Қазақстан тұңғыш рет осы ұйымның тұрақты мүшесі болып қабылданды. Әрі Академиядағы Қазақстанның тұрақты өкілі ретінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, PhD докторы Ершат Ағыбайұлы Оңғаров бекітілді.

45 елден келген Ислам ғұламалары мен фақиһтері алқалы жиында мұсылман әлемінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, мұсылман жұртшылығын алаңдатып жүрген тақырыптарды талқыға салды. Ғалымдардың алты күндік ғылыми кеңесінің нәтижесінде «Генетика, гендік инженерия, адам геномы», «Сукук (ислам банктерінің өнімі) құралы», «Қаржылық операциялардағы хедж», «Малды тоқпен ұру арқылы бауыздау», «Ислам мәзһабтары арасындағы диалог», «Жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асырулары мен жол ережелеріне деген немқұрайлықтарына қатысты қылмыстық жауапкершілік», «Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмекке алкоголь немесе шошқа майы секілді харам заттарды, түрлі қоспаларды қосу» сынды мәселелерге қатысты ғалымдардың пәтуалары шықты.

1977 жылы негізі қаланған Халықаралық Ислам фиқһы (каноны) академиясы – бүгінгі Ислам ғұламалары мен фақиһтерінің басын құрайтын мұсылмандардың ғылыми орталығы болып есептеледі. Құрамына 57 елдің ғалымдары кіретін қара шаңырақта қазіргі күннің көкейтесті мәселелері кеңінен қаралып, оларға қатысты Ислам ғұламаларының ортақ пәтуалары шығып отырады.

 

 
           
 
date28.11.2013 printБасып шығаруsourceLinkMuftyat.kz
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: