#Жамбыл: АТТ жұмысының жоспары құрылды

#Жамбыл: АТТ жұмысының жоспары құрылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл ауданының ауыл әкімшілігінде  Ақпараттық түсіндіру тобы жұмыстарына қатысты бас қосу өтті. Жиынға ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы, Аса ауылының әкімі Бауыржан Қалшынбетов, АТТ мүшелері мен сала мамандары қатысты. 

Шарада АТТ жұмысына қатысты жылдық жоспар құрылды.  Жыл бойы өткізілетін дөңгелек үстел, кездесулер, зерделеу жұмыстары, насихат, құжатқа қатысты жасалуы тиіс мәселелер де тізімге енгізіліп, жауапты қызметкерлер тағайындалды.

"Келісіп пішкен тон келте болмас" дегендей әр істі ортаға салып талқылап, жоспар арқылы жұмыс жасау ертеңгі күні өз жемісін береді деген сенімдеміз. Айта кетейік, жиыннан соң АТТ мүшелері жұмысы бастап та кетті. 

Ақерке ШАХРИЗАТҚЫЗЫ

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: