Сахабалардың ерекшеліктері туралы Тәурат пен Інжілде де жазылған

Сахабалардың ерекшеліктері туралы Тәурат пен Інжілде де жазылған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Олар – қолдарындағы Тәурат пен Інжілде есімі мен сипаттары жазылған, хат танымайтын Пайғамбар әрі ең үлкен абыройлы Елшіге бойсұнады. Пайғамбар оларға жақсылықты бұйырып, жамандық атаулыдан тыяды, Алланың зиянсыз әрі таза етіп жаратқандарын – адал, зиянды әрі лас еткендерін – арам қылып, бұрын-соңды (көне шариғат заңдары бойынша) мойындарына жүктелген ауыртпалықтардан арылтып, тұсаудан босатуда. Пайғамбарға шынайы түрде иман етіп, барынша құрметтеп, жәрдем бергендер, сондай-ақ, онымен бірге түсірілген Нұрға (Құранға) ергендер, міне, солар (дүние мен ақыретте) шынайы табыс пен жетістікке жеткендер».

«Мұхаммед – Алланың елшісі. Қасындағы мүміндер кәпірлерге тым қатал, өзара (бір-біріне) өте мейірімді. Әрдайым рукуғ , сәжде жасап, Алладан игілік пен разылық тілегенін көресің. Олардың белгісі – жүздеріндегі сәжденің ізі мен нұры. Бұл – Тәураттағы сипаттары. Ал, Інжілде болса: «Олар – бүршік жарып, оны қуаттандырып, сабағы да жуандап, бой көтерген егін тәрізді», – деп айтылған. Осылайша олар өздерін еккен дихандарды таң қалдырса, ол кәпірлердің ашу-ызасын келтіреді. Міне, Алла тағала солар сияқты иман келтіріп, сол иман негізінде ізгі амал жасағандарды жарылқау мен үлкен сыйға бөлеуге уәде берді» («Фәтх», 48/29).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: