Хазірет Әбу Бәкірдің тақуалық пен ақыретке әзірлік жайындағы насихаты

Хазірет Әбу Бәкірдің тақуалық пен ақыретке әзірлік жайындағы насихаты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Абдуллаһ ибн Укәйм (р.а.) айтады: «Бір күні Әбу Бәкір (р.а.) бізге былайша үгіт-насихат жасады: «Алладан қорқып, оған лайықты мақтаулар айтыңыздар. Үміт пен үрей арасында орта жолдан – алтын арқаудан айырылмай, Аллаға көп дұға етіңіздер. Алладан қалағандарыңызды сұрауда табандылық танытыңыздар. Себебі Алла Зәкәрия мен отбасын осы үшін мақтаған болатын. «Шынында да, олар қайырлы істерге ұмтылады. Үміт пен үрей арасында жүріп, бізге жалбарынады және шын көңілімен құрмет көрсетеді (Әнбия 21/90)».

Мынаны да біліп алыңыздар, ей, Алланың құлдары! Алла өз ақысы үшін сіздердің нәпсілеріңізді кепілдікке алған және бұл үшін уәделеріңді де алған. Алла мәңгілік нығметіне, сіздердің өтпелі және фәни игіліктеріңізді сатып алғысы келеді. Қолдарыңыздағы Құранның тәпсірі қияметке дейін өз маңызын жоймайды және нұры да семіп, сөнбек 798 әл-Хинди, Кәнзул-уммал, 5/839 (14073) 452 Сахабалар салған сара жол емес. Оның айтқандарын растаңыздар. Әмірлеріне мойынсұныңыздар. Қараңғылық төнбес бұрын оның сәулесін пайдаларыңызға жаратып қалыңыздар. Аллаһ сіздерді өзіне құлшылық ету үшін жаратты. Сіздердің жақсы-жаман амалдарыңызды жазуды Кирамән Катибин періштелеріне жүктеді. Ей, Аллаһтың құлдары! Біліп қойыңыздар, сіздер ерте ме, кеш пе, қашан келетіні сіздер үшін беймәлім бір ажалдың алдында тұрсыңдар»799. Нуайм ибн Нәмханың (р.а.) айтуы бойынша: «Әбу Бәкір (р.а.) бір сөзінде былай деген еді: «Аллаһ разылығы үшін айтылмаған ешбір сөздің қайыры болмайды. Аллаһ жолында жұмсалмаған дүниеде де қайыр жоқ. Білімдімін деп көкірек керетіндерден де қайыр жоқ. Аллаһ ризалығы үшін істейтін істерде адамдардың сынап-мінеуінен қорыққандардан да қайыр болмақ емес»800. Амр ибн Хазмның немересі Әбу Бәкір ибн Мұхаммед әңгімелейді: «Әбу Бәкір (р.а.) бір әңгімесінде Пайғамбарымыздың мына бір сөзін жеткізді: – Кішіпейіл болып көрінетін екіжүзділіктен Аллаһқа сиыныңыздар, – деді Аллаһ расулы бірде. Мұны тыңдап отырғандар: – Уа, Расулаллаһ! Кішіпейілділік болып көрінетін екіжүзділік қандай болмақ? – деп сұрады. Сонда Аллаһ елшісі: – Сырттай жақсы көрген болып, кішіпейілділік танытып көлгірсігенімен, жүрегімен жек көріп, екі жүзділік жасау, – деді»801.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: