Осман (р.а.) соңғы құтбасында не деді?

Осман (р.а.) соңғы құтбасында не деді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Сүһәйл ибн Мәлік әкесінің айтқандарын былайша жеткізеді: «Әлі буыны бекіп, бұғанасы қатпаған бүлдіршіндерді жұмысқа салып, еңбегін қанамаңыздар. Егер оларды желкелеп, қара жұмысқа жегіп немесе басқадай жолмен табыс табуға итермелесеңіздер, ұрлыққа барады. Еңбекке, өнерге әлі дағдыланбаған, қандай да бір іске бейімі жоқ күңдеріңізді де табыс табуға күштеп, мәжбүрлемеңіздер. Бұл әрекеттеріңізбен оларды зинаға итермелеуіңіз мүмкін. Ар-ұяттарыңызды қорғаңыздар. Алла өздеріңізді арлы кісілерден қылсын десеңіздер, ар-ұяттарыңызды сақтаңыздар. Бір түйір бидай болса да, оны табан ақы маңдай теріңмен тапқанға не жетсін. Ақ-адал асыңызды арамдап алып жүрмеңіздер».

Бәдр ибн Осман көкесінен естігенін айтады: «Осман (р.а.) соңғы құтбасында былай деген екен: «Алла сіздерге мына дүниені оған байланып қалсын деп емес, ақырет үшін берген. Бұл дүние өтпелі, фәни. Ал ақырет болса мәңгі, бақи. Осы өтпелі дүниенің нығметтері сіздерді ақыреттен алыстатып жібермесін. Фәни мен бақи қатар келгенде, таңдауларыңыз бақида болсын. Бұл дүние уақыты жеткенде бітеді, барлығымыз Алланың құзырына қайтамыз. Алланың қамқорлығына кіріңіздер. Алланың қамқорлығына өту және Одан қорқу басымызға келетін бәлелерге қалқан және Оның ризашылығына жетудің жолы болмақ. Кіммен қарым-қатынасқа түссеңіз де, Алланы естен шығармаңыздар. Жамағаттарыңыздан қалайда ажырамаңыздар. Жік-жік бөлініп, бір-бірлеріңізге қырын қараушы болмаңыздар».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: