Ауызашарға «Ашура» тағамын дайындауда

Ауызашарға «Ашура» тағамын дайындауда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Екатеринбург қаласының және Свердлов облысының «"Просвещение" оқу орталығы Ашура күнін есте қалатындай етіп ерекше атап өтпекші. Жергілікті уақыт бойынша сағат 17:30-да қаланың Студенческая көшесінің 56-шы ғимаратында орналасқан "Просвещение" үйінде бұл күні ауызашар дастарханы жайылмақ. Шара ұйымдастырушылары меймандарды осы күнге арнайы әзірленген «Ашура» (Нұх пайғамбар тағамымен) тағамымен таңғалдырмақшы. Тек тағамның дайындалу тәсілі әзірге құпия сақталуда.

Меймандарға дастархан басында Ашура күнінің мән-маңызы мен қадыр-қасиеті жайлы уағыздар айтылады. Нақтырақ айтқанда, Пайғамбарларды еске алу күнінің ғибраты мен Мұхаррам айының ең қадірлі күнінің мән-мағынасы турасында қонақтарға кеңінен жеткізілмек. Хадисте айтылғандай, бұл күні ораза ұстаған адамның күнәлары кешіріліп, мол сауапқа кенеледі.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: