Ұлыбритания мен Ирландияның 12 қаласында бірінен кейін бірі өткен Махер Заин есімді мұсылман әншісінің қайырымдылық концертінен 5 000 000 доллар немесе 3 100 000 фунт қаражат жиналды. Қомақты қаржы азаматтық соғыс шарпыған Сирияны қолдау қорына аударылды. Британдық «Адами өтініш» атты халықаралық даму және көмек көрсету қоры ұйымдастырған «Әлем дауысы – 2013» деп аталатын турдың шымылдығы өткен жексенбіде Лондонда жабылды.
Қазан айының 23-нен қарашаның 3-і аралығында өткен қайырымдылық концерттерге қоса бірнеше елдімекенде тегін түскі ас беріліп, сауық кештері ұйымдастырылды.
R&B жанрындағы әйгілі әнші Махер Заинның Лондондағы қорытынды концертте Сирия жайлы ән шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.