Құрылысы жағынан тым өзгеше құлшылық үйі Ыстамбұл шаһарының Буюкчекмеджи ауданында алғаш рет ашылғып, жалпақ жұртты таң-тамаша етті. Халықаралық World Architecture Fest сәулет байқауының «Діни ғимараттар мен құрылғылар» деген номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болған бұл мешіт жер астында орналасқан.
Жер бетінен жеті метр төмен салынған мешіт «Санджакпар» деп аталады. Оның ауданы 1200 шаршы метрді алып жатыр. Аталмыш мешіт аумағында 650 адам құлшылық ете алады. Эмре Аропат есімді түрік сәулетшісі жобасын сызған мешіттің құлшылық залы Пайғамбарлар падишасы Мұхаммед Мұстафаға (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын!) уахи келген үңгірге ұқсайды.
2012 жылы құрылысы қолға алынған мешіттің жуырда ашылатынын айта кету керек. Өзге мешіттерден бір ерекшелігі, жер астынан салынғандықтан мешіттің мұнарасы жоқ.
Санджакпар мешіті жер астында салынған алғашқы болғанымен, жер бетінен төменде орналасқан тұңғыш мешіт емес. 2012 жылы Сауд Арабиясында Тәбукте су астынан мұсылмандардың құлшылық үйі ашылған болатын.