Жәбир ибн Абдуллаһ былай дейді: «Пайғамбарымыз адамдарға үндеу тастағанда, сырқаттанып тұрғандай көздері қызарып, даусы тым көтеріңкі шығатын. Тура бір әскердің басына төніп тұрған бір қауіпті хабарлап тұрғандай, кейпінен асқан байсалдылық байқалатын. Содан соң ортаңғы саусағы мен сұқ саусағын біріктіріп: «Мен қиямет мұншалықты жақын қалғанда жіберілдім», – деп бастайтын әңгімесін.
Әрмен қарай: «Жолдардың ең көркемі – Мұхаммедтің жолы. Ал ең жаманы – бидғат. Әрбір бидғат – адасушылық. Кімде-кім артына дүние қалдырып, көз жұматын болса, оның дүниесі өзінің отбасына қалады. Ал кімде-кім қарызынан құтылмай, не болмаса баласын тірі жетім етіп, дүниеден озса, оның жауапкершілігі менің мойнымда», – деді».
asyldin.kz