Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) біреу арқылы хазірет Омардан (р.а.) қарызға мемлекет қазынасынан төрт мың дирхам сұратып жібереді және алған ақшаны кейінірек қайтаратынына сөз береді. Абдуррахман ибн Ауф секілді саңлақ сахабаның бір жағы көңіліне қарап, екінші жағынан, мемлекет қаражатынан қарыз беруге дәті бармаған Омар (р.а.) оған өзі келіп жолығады.
«Ақшаны мемлекет қазынасынан беруімді сұрапсың. Бірақ сен қарызды қайтаруға үлгермей жатып дүниеден озсам, ертең «ақшаны Омар алған еді» дейсіңдер. Қиямет күні бұның есебі де менен сұралады!» – деді. Сөйтіп, Абдуррахман бин Ауфқа мемлекет қазынасынан қаражат беруден үзілді-кесілді бас тартады.
asyldin.kz