Мұсылмандарды мақтағанда...

Мұсылмандарды мақтағанда...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әбу Бәкір (р.а.) былай әңгімелейді: «Бірде біреу Алла елшісінің көзінше басқа бір адамды мақтаған болатын. Пайғамбарымыз оған: «Обалдағы-ай, досыңның мойнын жұлып алдың ғой!» – деді де, сөзін былай жалғастырды: «Кімде-кім діндес бауырын мақтаса, міндетті түрде ол туралы «Менің ойымша, пәленше...», – деп айтсын. Өйткені адамдарды шын мәнінде тек Алла қана жақсы таниды. Алла алдында ешбір адамды ақтаудың қажеті жоқ. Егер мақталған адам расында мақтауға лайық болса, онда: «Менің ойымша, ол адам мынадай...», – деп айтыңдар».

Нәфи былай әңгімелейді: Бір күні біреу Ибн Омарға: «Уа, адамдардың ең жақсысының ұлы!» – деді. Бұны естіген Ибн Омар: «Мен адамдырдың ең  жақсысы да, ең жақсысының баласы да емеспін. Мен тек Алланың жұмыр басты бір пендесімін. Оның ризашылығын іздеп, Оның ашуынан қорқамын. Уаллаһи, сендер осы әдеттеріңді қоймасаңдар, адамды дінінен алыстатасыңдар. Сендер және сен сияқтылар біреуге: «Сен сондайсың, сен жақсысың», – деп орындыорынсыз мақтаса, оны көзін жәудіретіп, жерге тірідей көмгенмен бірдей. Осыны біліп қойыңдар», – деді».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: