Қабірімді кең етіп қазбаңдар!

Қабірімді кең етіп қазбаңдар!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ибн Аббас былай әңгімелейді: «...сырнай үрленген күнгі жағдай өте қорқынышты болады. Әсіресе, кәпірлер үшін оңай болмайды» (Мүддәссір, 74/8-9) деген аят түскенде, Алланың елшісі былай деді: «Исрафил сырнайды алып, басын иіп үрлеуге дайын тұрғанда, мен қалайша жайбарақат өмір сүрейін?» Бұны естіген сахабалар Расулаллаһқа: «Бізге қандай кеңес бересіз?» – деп сұрады.

Расулаллаһ былай деді: «Алла бізге жетеді, Ол қандай жақсы уәкіл! Біз Аллаға сендік және сүйендік» деңдер».

Яхия ибн Әби Рашид (р.а.) былай әңгімелейді: «Қайтыс болар алдында Омар (р.а.) ұлына былай депті: «Балам, мен жан тәсілім етіп жатқанда, денемді аудар. Екі тізеңді арқама тіре. Оң қолыңды маңдайыма, сол қолыңды иегіме қой. Рухым шыққаннан кейін, көздерімді жап. Мені кебіндеймін деп, ысырапқа бармаңдар. Егер Алланың алдында қандай да бір ізгі амалым болса, ол мені ар жақта кебіннен де жақсысына жеткізер. Ал мені құтқаратындай ізгі амалым болмаса, Алла кебініме назарын да салмайды. Қабірімді де тым кең етіп қазбаңдар. Егер Алланың алдында қадірімді арттыратын ізгі амалым болса, ол менің қабірімді көз жететін жерге дейін кеңейтеді. Ал Алланың алдында абыройым болмаса, қабірімді қабырғаларым бірбіріне айқасқанша тарылтады. Жаназама бірде-бір әйел қатыспасын. Бойымда жоқ ерекшеліктер мен қасиеттер арқылы мені еске салып, жоқтамасын. Өйткені менің кім екенімді, қандай екенімді Алла жақсы біледі. Сүйегімді жер қойнына тапсырғанша асығыңдар. Егер Алланың алдында абыройлы болсам, мені жақсылыққа тезірек жеткізген боласыңдар. Ал Алланың алдында қадірім болмаса, мен секілді күнәһардан тез құтыласыңдар».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: