Муаз ибн Жәбәл Алла елшісіне (с.ғ.с.) не деді?

Муаз ибн Жәбәл Алла елшісіне (с.ғ.с.) не деді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әнәс (р.а.) былай әңгімелейді: «Муаз ибн Жәбәл Алла елшісінің қасына келгенде, Расулаллаһ: «Муаз, таңды қалай атырдың?» – деп сұрады. Муаз: «Аллаға құлай сенген адам ретінде атырдым», – деді. Алланың елшісі: «Әр сөздің бір ақиқаты бар. Бұл сөзіңнің ақиқаты не?» – деп сұрады.

Муаз: «Уа, Расулаллаһ, таң атқанда, осы кештен қалмайтындай аласұрамын, ал кеш батқанда, таңға дейін жете алмайтындаймын. Бір қадам жасасам, екінші қадамымды жасай алмайтындай күй кешемін. Кейде көзіме барлық үмбет өз пайғамбарларымен бірге тізе бүгіп тұрғандай елестейді. Кітаптарын алу үшін шақырады. Бір жақта Алланы ұмытып, пұттарына жармасқан жаһаннамдықтардың тиісті жазасын алып жатқандарды, екінші жақта жаннаттықтардың сауапқа кенелгенін көріп тұрғандаймын», – деді. Бұны естіген Алланың елшісі: «Сен шын мағрифатқа жетіпсің, басыңа қонған осы бақты үркітіп алма, мына бағытыңнан көз жазып қалма», – деді».

Әнәс (р.а.) былай жалғастырады: «Сахабалар: «Уа, Алланың елшісі! Сенің қасыңда біз айрықша күйге бөленеміз, тіпті айтып жеткізе алмаймыз. Ал сенің қасыңнан қалай кетеміз, солай өзгеріп шыға келеміз», – деді. Алланың елшісі: «Раббыларыңмен араларың қалай, не сезесіңдер?» – деп сұрады. Олар: «Алла ашық және жасырын барлық халімізді біледі», – деді. 

Алланың елшісі: «Әр адамның басында болатын бұл жағдай екіжүзділікке жатпайды. Адам өз еркінен тыс әрекеттерге жауап бермейді», – деді».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: