Әбу Мұса (р.а.) былай әңгімелейді: Бірде Алланың елшісі: «Жаһаннамда мәңгі қалатын адамдар мен кейбір мұсылмандар кездесіп қалады. Сонда кәпірлер: «Сендер мұсылман емессіңдер ме?» – деп сұрайды. Мұсылмандар: «Иә», – дейді.
Кәпірлер: «Мұсылман болып, жаһаннамда қалғандарың қалай?» – деп сұрайды. Сонда мұсылмандар: «Біздің күнәларымыз бар, сол күнәларымыздың жазасын өтеуге келдік», – дейді. Сосын Алла олардың жаһаннамдағы осы әңгімелерін естіп, мұсылмандарды тозақтан шығаруды әмір етеді. Кәпірлер мұсылмандардың тозақтан шығарылғанын көріп: «Әттең, біз де мұсылман болғанымызда ғой!» – дейді». Алла елшісі осыны айтып, мына аятты оқыды: «Алиф, ләм, ра. Бұлар – Кітаптың және ап-анық Құранның аяттары. Кәпірлер сол күні мұсылман болуды қатты қалайды» (Хижр, 15/1-2).
asyldin.kz