Сахабалардың құран оқитындарға айтқан насихаты

Сахабалардың құран оқитындарға айтқан насихаты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Әбу Кинана әңгімелейді: «Әбу Мұса (р.а.) Құран оқитындардың бастарын қосқан болатын. Олардың ұзын саны үш жүздің ар жақ, бер жағында еді. Құранды сүйіп, тағзым еткеннен кейін Әбу Мұса былай деді: «Байқаңдар, мына Құран сендер үшін әрі сансыз сауап алуларыңа, әрі өздеріңе обал жасауларыңа себеп. Сендер Құранға мойынсұныңдар, оны өздеріңе тартып, аттай ерттеп мініп алмаңдар. Кім Құранның ізімен жүрсе, Құран соны жаннат бақшаларына жетелейді. Ал кім Құранды өз нәпсісінің өгіздей өктем қалуы мен қолайына жығып, кісәпірлікке барса, Құран оны жаһаннамға сүйрелейді».

Ибн Мәсғуд былай дейді: «Құранға мойынсұнған адам ел ұйықтап жатқан түнде құлшылық етуі, күндіз халық ішіп-жеп жатқанда ораза ұстауы, олар күліп-ойнап жүргенде ұстамды болуы, басқалары шалқыптасып жүргенде қарапайым болуы керек. Әдетте Құран халқының жүзінен мұң, көзінен жас арылмайды. Олар хикмет пен білім иесі болып, аз сөйлеп, қысқа қайыруы керек. Өзгелерге дөрекі тіл қатып, тез ашуланбауы тиіс. Ашуланса, ошақтың күлін шашып ызасын тарқататын тексіз адамның теріс әрекетінен аулақ болуы тиіс».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: