Жексенбі күні жер шарының Батыс бөлігін мекен еткен тұрғындар табиғаттың тосын құбылысына куә болып, күннің тұтылғанын тамашалады. Көк күмбезінде алдымен отты орақ пайда болып, артынан ай бірнеше секунд бойы отқа малынғандай болды. Күннің бұлай тұтылғанын сақиналы тұтылу деп аталады. Табиғаттың осынау сирек кездесетін құбылысын АҚШ пен Канада және Латын Америкасының солтүстік-шығыс бөлігіндегі, сондай-ақ, Кариб жағалауының, Оңтүстік Еуропа мен араб елдерінің тұрғындары тамашалады.
Естеріңізде болса, биыл осымен екінші мәрте күн тұтылып отыр. Осының алдында мамыр айының 10-ы күні де күн тұтылған болатын.
Асыл дінімізде ай немесе күн тұтылған кезде намаз оқудың маңыздылығы айтылған. Бұл пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) сүннеті болып табылады.