Өкіл имам Қырғыз елінде

Өкіл имам Қырғыз елінде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін қарашаның 6-жұлдызында Ош қаласындағы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Имам Сарахси» атты ғылыми конференцияға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы тарапынан ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Әлимұхаммедұлы болды.

Сағат 09:00-де конференция қасиетті Құран оқылумен ашылып, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Хазрет Мүфти сөз сөйледі. Сондай-ақ конференцияға Қырғызстан Республикасының Ош облысындағы өкілі С.Ш.Жэнбеков, Ош қаласының әкімі М.Ж.Мырзахматов, Дін істері мемлекеттік комиссиясының өкілі А.К.Жұмабаев және Жоғарғы Кеңес депутаттары қатысып, баяндама оқыды. Қонақтардың қатарында Түркия Дін кеңесінің өкілі Орхан Генч, Катар, Сауд Арабия мемлекетінің елшілері, Ресей елінен келген мүфтилері болды.

Профессор Асан Ормушев «Имам Сарахсидің өмірі» жөнінде баяндама жасаса, Ош облысының қазысы Гапуров Сұлтанәлі «Имам Сарахсидің Ханафи мазхабының ілгерілеуіне қосқан үлесі» тақырыбында сөз сөйледі.

Түскі сағат 12:15-те муфтилер бас қосқан баспасөз конференциясы өткізіліп, журналистер қойған сұрақтарға жауап берілді. Қонақтар түс қайта «Сүлеймен тауға» зиярат етіп, пешін намазын сол жақта оқыды, сонымен қатар Озгон қаласына барып, Имам Сарахсидің күмбезіне зиярат жасады.

 

http://muftiyat.kg/sites/default/files/images/_dsc0397.jpg

http://fotohost.kz/images/2013/11/06/raG7P.jpg

http://muftiyat.kg/sites/default/files/images/_dsc0890.jpg

http://muftiyat.kg/sites/default/files/images/_dsc0891.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: