Асыл дініміздің насихатының бірі мұқтаж жанға жәрдем беру екендігі баршаға аян. Қыстың көзі қырауда қиналған жанға қол ұшын созу әрбір азаматтың борышы. Осы мақсатта қылышын сүйреткен қыстың суығында Шу қаласының имамдары ұйымдастырып жылуы жоқ үйге жылу сыйла ұранымен отбасылық жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға жәрдем беруде.
Атап айтқанда 12 отбасыға 360 мың теңгеге, 24 тонна көмір отынын алып таратып берді. Жәрдем алған отбасылар қайырымды жандарға және мешіт қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.
Қолы ашық, жаны жомарт жандарымыз көп болғай!
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.