Қордай ауданының имамдары мен белсенді жастары арасында кіші футболдан турнир өтті. Білекті бірді жығар спорт сүйер көпшілік "Шынықсаң шымыр боларсың" ұранымен теңбіл доп теуіп күш сынасты.
Спорттық дода дін мамандары мен жамағаттың ауызбіршілігін, достығын, татулығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Қазіргі вирустың тарап, түрлі ауру-сырқаудың мезгілі болып тұрған уақытта денсаулыққа, дене шынықыруға мән беру аса маңызды. Шараға ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен наиб имамдары да қатысып, тартысты ойын көрсеткен жастарға алғыс білдірді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі