Өкіл имамдар семинары: білім мен білік шыңдалды

Өкіл имамдар семинары: білім мен білік шыңдалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының имамдардың білімі мен біліктілігін арттыру тапсырмасына сәйкес, ҚМДБ өкіл имамдары 28 қазан мен 2 қараша аралығында біліммен қаруланған дін ғалымдарының дәрісін тыңдады.

Олар семинар барысында ақида, Ислам құқығы (фиқһ),уағыз әдептері, шешендік өнер, психология, діни ағымдар ақиқаты, хадис ілімі т.б. діни сабақтар бойынша білім алды. Бір апталық семинарда білімін шыңдаған өкіл имамдарға арнайы сертификат табысталды. Оны Бас мүфти атынан ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев салтанатты рәсімде табыс етті.

Семинарға 19 имам қатысты.

www.muftyat.kz

 

http://muftyat.kz/upload/orig/news/373872_1383543316.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: