Омар (р.а.) мен жесір әйел оқиғасы

Омар (р.а.) мен жесір әйел оқиғасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Әсламның риуаяты бойынша, ол Омармен бірге базарға шығады. Олардың қасына жас бір әйел келді де: «Ей, мүміндердің әміршісі! Күйеуім қайтыс болған. Шиеттей бала-шағам бар. Оларды асырауым керек. Олардың орып алар егіні де, сауып ішер малы да жоқ. Аштықтан өліп кете ме деп қорқамын. Өзіңіз де таныған шығарсыз, мен Хафаф ибн Әйма әл-Ғифаридың қызымын. Әкем Һудайбияда Пайғамбарымызбен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірге болған», – деді.

Хазірет Омар аз-кем үнсіз тұрды да: «Пайғамбарға жақын болғандарға дұғай сәлем», – деді. Сосын бойын тіктеп, жолға шыдамды мықты түйенің бірін таңдап, киім-кешек пен азық-түлік артты да, оның бұйдасын әлгі әйелдің қолына ұстатты.

«Мына түйені Ал бұлар таусылса, Алла тағала одан да қайырлысын нәсіп етеді», – деді. Сонда Омардың қасында тұрғандардың бірі: «Ей, мүміндердің әміршісі, оған тым көп беріп жіберген жоқсыз ба?» – дегенде, Омар (р.а.): «Не деп тұрғаныңды білемісің? Оның әкесінің Пайғамбарымызбен Һұдайбия соғысында бірге болғанын білемісің? Алланың атымен ант етейін. Бұл әйелдің әкесі мен бауыры бір қамалды ұзақ уақыт қоршауға алып, ақыры қамал алынған еді. Ол жерден түскен олжаны тең бөлген болатынбыз», – деді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: