Ыстамбұл шаһарындағы Босфор бұғазында су астынан Европа мен Азияны жалғайтын теміржол туннелі ашылды.
Жалпы қашықтығы 13,6 шақырымға жететін жолдың 1,4 шақырымы су астынан өтеді. Өзгеше туннелдің құрылысын түріктермен қатар жапондар да жүргізгенін айта кету керек. Олар аталмыш жобаға бір млрд-қа жуық қаржы құйған. Ал, жобаның жалпы құны шамамен 4 млрд долларға бағаланып отыр.
Теміржол тунелі арқылы әр бағытқа сағатына шамамен 75 мың адамға дейін тасымалдануы мүмкін. Қазіргі уақытта Босфор арқылы күн сайын екі миллионға жуық адам қатынайтынын айта кету керек.