Мәжуси мен діндар бірге сапар шегіпті. Жол үстінде діндар мәжусиден: “Сен неге Исламға мойынсұнбай жүрсің?” – деп сұрапты. Ал ол: “Алла рұқсат берсе, қайда қашамыз?” – дей салыпты.
Жауапқа көңілі толмаған діндар: “Е-е, Алла рұқсат беруін беріп-ақ тұр ғой, бірақ сенің мұсылман болуыңды шайтан қош көрмей тұр” – деп басын шайқаса, анау саспастан: “Кім күшті болса, мен соның жағындамын” – дейтін көрінеді.
asyldin.kz