Абдульмалик деген халифтың қабылдауына кірген біреу: “Қасымызда ешкім болмаса екен” – деп қиыла өтініпті.
Халиф нөкерлеріне: “Шығыңдар!” – деп ымдапты да, құпияшыл пендеге былай депті: “Мақтаймын деп әуре болма, мен өзімді өзгеден гөрі жақсы білемін. Өтірік айтпа, суайттарға жаным қас, сонымен бірге өсекші-саққұлақтарды да оңдырмаймын. Қане, енді бірнәрсе айтқың келе ме? Ана бейбақтың тізесі дірілдеп: “Хақ жолындағылардың басшысы! Мен келген ізіммен қайтсам қалай болады?” – депті.
asyldin.kz