Бір келіншек әкесін өте қатты жақсы көреді екен. Күндердің бір күнінде әкесі өледі. Оған күйеуі қалай естіртерін білмейді. Содан ол әйелін төркініне қарай алып келе жатады.
Жолда жігіт айтады: “Мен саған бір сөз айтсам ба деп жүр едім. Екінші әйел алсам қайтеді?”. Сонда әйелі оның сөзін көңіліне ауыр алып: “Менен не жамандық көрдің?” – деп бұртиып қалады. Жігіт қайынатасының үйіне жақындай бергенде: “Жай айтып едім, негізінде менің айтайын дегенім ол емес, менің айтқым келгені – сенің әкең қайтыс болғандығы еді” – дейді.
Сонда әйелі жұлып алғандай: “Алланың тағдырына жазғаны сол шығар, Аллаға қалай қарсы шықпақсың? Артының қайырлысын берсін! Бірақ сен шынымен де екінші әйел алмайтын болдың ба?” – деген екен.
asyldin.kz