Биылғы қажылықтың бірқатар ерекшеліктері

Биылғы қажылықтың бірқатар ерекшеліктері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биыл Еуропа елдерінен асыл дінімізге енді өткен 4500 адам қажылық парызын өтеді. Жалпы алғанда, олардың шығыны 16 млн 875 мың еуроны құрады.

Қайырлы да қасиетті сапардың барлық шығынын «Еуропадағы ислам жамағатының ұйымы» өз мойнына алып, осынау іргелі іске ұйытқы болған. Бұл ұйым жайлы аздаған айтарымыз бар, кезінде Германиядағы түрік жұмысшыларының кәсіподағы негізінде құрылып, 2001 жылдан бастап, қарлығаштың қанатымен су сепкендей асыл дінімізге енді өткен мұсылмандарға қамқорлық көрсетіп келеді.

Аталмыш ұйымның жетекшісі Қамал Аргонның айтуынша, 2001 жылдың қыркүйек айының 11-дегі аты-шулы оқиғадан соң әлем халқының, соның ішінде, асыл дінімізге деген қызығушылығы оянған. Исламофобияның шешек атып тұрғанына қарамастан, ізденімпаз еуропалықтар исламның хақ дін екеніне, оның лаңкестікпен үш  қайнаса сорпасы қосылмайтынына көз жеткізген.

 

Аргон мырза асыл дінімізге өткен еуропалықтардың көбісінің қасиетті жерде өмірінің соңына дейін қалып, осында жан тапсырғысы келетінін жеткізді.

 

Биыл «Фитна» деп аталатын фильмімен мұсылмандардың ашу-ызасын тудырып, ар-намысына тиген  Арно ван Доорн есімді голландық оңшыл радикалдың (бұрынғы есеп) қажылық парызын өтегенін айта кету керек.

 

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: