#Жамбыл: Ауыл тұрғындары қарт 2 әжеге үй салып берді

#Жамбыл: Ауыл тұрғындары қарт 2 әжеге үй салып берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданының тұрғындары жалғыз қалған апалы-сіңлілі екі апаға үй салып берді. 

Қариялармен қала маңы ауылының имамы Аңсар Әбитов тілдесіп, жағдайлары жөнінде білген екен. Осы ауылға 16 жыл бұрын көшіп келген ақ жаулықтылардың басқа туыстары жоқ. Қартайғанда бір-біріне демеу болып, екеулеп тарпаң дүниенің тармағында жалғыз қалыпты. Фатима мен Салима Мумизовалар көмір жағып, ескі үйде тұрып келген. 

Бұны байқаған ауыл тұрғындары асарлатып жап-жаңа үй тұрғызып, әжелерге баспана сыйлады. Мұндай көмекке көңілдері босаған ақ самайлы қарттар Аллаға шүкірлік айтып, толассыз тілектерін жаудырды.

Айта кетейік, жаңа шаңыраққа газ құбыры кіргізілген. Енді бұрынғыдай көмір тасып, отын жағудың қажеті жоқ. Қалжырағанда мұндай жұмыс жасау оңай емес. Оның үстіне апалы-сіңлілердің береуі көру қабілетінен айырылған. 

Ел болып жасаған бұл игі іс баршаны қуантты. Алла қарттарға зор денсаулық, иманды ғұмырды нәсіп етсін.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қыметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: