Дұрыс (сахих) неке деген не?

Дұрыс (сахих) неке деген не?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дұрыс (сахих) неке деп негізі мен шарттары толық болып қиылған некені айтамыз. Ақыл-есі толық және балиғат жасына жеткен мұсылман ер және ақыл-есі толық және балиғат жасына толған мұсылман қыздың араларында ешқандай үйленуге қатысты кедергісі жоқ және екі куәнің алдында қиылған неке жарамды болып, есепке алынады. Ал енді осы дұрыс некенің нәтижелеріне келейік.

Бірінші: Неке қиылған соң ерлі-зайыптылар Ислами өлшем аясында бір-біріне төсек қатынасы адал болады.

Құранда: «Әйелдерің сендердің егіндіктерің. Егіндіктеріңе қалай қаласаңдар келіңдер», – дейді. Алла елшісі (аләйһис-саләту уәс-сәләм) де: «Әйелдерің жайында Алладан қорқыңдар. Сөзсіз олар сендердің  жандарыңдағы көмекшілерің. Оларды Алланың аманаты ретінде алдыңдар. Һәм ұятты жерлерін Алланың сөзі арқылы адал еттіңдер», – дейді. Неке ердің әйеліне тек қана алдынан жақындауды адал етеді. Әйелінің артынан, хайыз, нифас не болмаса қажылықта ихрам кезінде төсек қатынасын жасауларына болуға болмайды. Құранда: (Мұхаммед) «олар сенен етеккір жайында сұрайды. Оларға: «Ол жиіркенішті нәрсе, етеккір кезінде әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар. Қашан олар нақ тазарса, оларға Аллаһтың өздеріңе бұйырған жерінен жақындасыңдар» де», – дейді. Алла елшісі әйеліне артынан жақындаған адам үшін: «Әйеліне артынан жақындағанға қарғыс айтылған» дейді. Басқа бір хадисте де: «Хайыз кезінде әйелімен төсек қатынаста болған немесе әйелге артынан төсек қатынасын жасаған не болмаса болашақтан хабар берген адамға (сәуегей) барып оның сөздерін растаған адам Мұхаммедке түсірілгенді жалғанға шығарғанмен тең», – дейді.

Егер адам осылай күнә жасаса садақа беруі қажет. Бір хадисте: «Бір еркек әйеліне етеккір кезінде жақындаса егер етеккір қаны қызыл болса бір динар, сары болса жарты динар алтын ақшаны садақа етіп берсін»,396 – дейді. Ерлі-зайыптылар бір-бірлеріне жалаңаш қарап, ұстай алады. Бірақ әдептілік тұрғысынан бір-бірлерінің жыныс мүшелеріне қарамағаны азбал. Хазіреті Айша: «Мен Алла елшісінің (аләйһис-саләту уәс-сәләм) ұятты жерлерін ешқашан көрген емеспін. Ол да менікін көрген емес», – дейді.

Екінші: Үйлену арқылы әйел арнайы белгіленген мәһірге құқылы болады. Неке қиылған кезде мәһір туралы сөз қозғалмаса кейіннен әйел өз қатарларының өлшеміне тең мәһір алуға құқылы болады.

Үшінші: Әйел ерінің үйінде қалуы тиіс. Қолма-қол мәһірін алған әйел ерінің әзірлеген Ислам дінінің жөн көрген ерекшеліктерге сай үйде отыруы қажет. Ерінің әзірлеген үйі тұруға лайық болуы керек. Әйел ерінің туыстарымен бірге тұруды мақұлдап, үй-ішінде қызмет жасайтын болса, бұл оның мінезінің әсемдігінің белгісі.

Төртінші: Әйел нәпақа құқығына ие болады. Бұған киім, азық-түлік және үй-ішінің қажеттіліктері жатады. Егер әйел ерінің рұқсатын алмай сыртқа шығатын болса, нәпақа құқынан айырылады. Нәпақа ерге қатысты екендігі Құранда: «Ананың тиісті нәпақасы баланың әкесіне міндет»398 дейді. Басқа аятта: «Кеңшілік бай кісі өзіне Алланың бергені бойынша нәпақа берсін. Ризығы азайтылған адам да нәпақаны Алланың бергені бойынша берсін. Алла ешкімге оған бергенінен артық салмақ салмайды. Аллаһ ауыртпалықтан кейін жеңілдік береді», –дейді.

Бесінші: Ерлі-зайыптылардың бір-бірлерінің ата-тегі мен үрім-бұтағымен өз арасында «сихри» қайын жұрттық туыстық пайда болады. Осыған қарай бір әйелмен үйленген ер бұдан кейін сол әйелінің анасы, яки әжесі, не болмаса қызы немесе немересімен үйлене алмайды. Бұл тыйым әйелі өлсе де, талақ етсе де жалғасын таба береді.

Алтыншы: Туған балалардың әке жағынан нәсілі айқындалады.

Жетінші: Ерлі-зайыптылар арасында мирас үкімі жүреді. Әйел ерінің жары болып тұрғанда яки «айну» талақпен ажырасып «ғиддат» күту мерзімі кезінде, не болмаса күйеуі хал үстінде жатып әйелін «айқын» талақпен ажырасып, сонда әйелі «ғиддат» күту мерзімі кезінде әлгі күйеуі көз жұматын болса, әйелі оның дүниесіне мирасқор болып қалады.

Сегізінші: Егер көп әйелі болса араларында әділдікті қатаң сақтауы тиіс. Бұл түнеу, нәпақа, киім және үй тұрғысында тепе-теңдікті қажет еттіреді.

Тоғызыншы: Қолма-қол мәһірін алған әйел ерінің заңды бұйрықтарына бағынуы тиіс. Ері әйеліне әдептілікке теріс, яки өзіне тиіс ислами құқығын аяқ асты ететін бұйрық беретін болса әйелдің оған бағынуы қажет емес. Мысалы, хайыз яки нифас күндерде күйеуі төсек қатынас жасағысы келсе, орамал, яки намаз, ораза, зекет тәрізді парыздарды тастауын бұйыратын болса, әйелі күйеуіне бағынбай парыздарын орындай береді. Өйткені әйел күйеуіне Алланың әмірімен бағынады. Ал күйеуі осыны заңсыз жолға пайдаланып, жарына Алланың әміріне кері іс-әрекет жасатуы ең үлкен күнә және неке қиғандағы берген сертін бұзған болып саналады.

Оныншы: Ерге әйелін басқаруда кеңшілік берілсе де оған жақсылап қарап, адамша қарым-қатынас жасауға мәжбүр. Құранда: «Олармен тіл табысыңдар. Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңде Алла көптеген хайыр жасаған», – дейді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: