Жастарды татуластырудың үлгісі

Жастарды татуластырудың үлгісі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хазіреті Әли мен Фатиманың қосылғанына көп болмаған еді. Бірде-бір мәмілеге келе алмай өз ара тартысады. Осы кезде Алла елшісі келіп қалады. Бірақ екеуі сездірмеуге тырысады. Алла елшісі дем алмақ болған соң жерге төсеніш төсейді.

Хақ пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жерге жатқан кезде хазіреті Фатима әкесінің жанына жақындай кетті. Осыны көрген хазіреті Әли де Пайғамбардың келесі жағына жақындап отыра қалды. Мән-жайды байқап тұрған Алла елшісі хазіреті Әлидің қолынан ұстап алып көкірегіне апарды. Бір қолымен хазіреті Фатиманың да қолына ұстап оны да көкірегіне апарды. Осылайша екеуі табысқанға дейін жібермеді.

Екеуі қайта татуласқан соң Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйден күлімдеп шықты. Оның осы қуанышын көрген сахабалар қуаныштың сырын сұрады. Хақ пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Неге ғана қуанбайын. Жаңа ғана ең жақсы көретін екі адамымды жарастырып келдім»,- дейді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: