Хадана деген не?

Хадана деген не?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Араб тіліндегі «хадана» сөзі тіліміздегі баланы құшағына алу, оны тәрбиелеу мағынасына келеді. Фиқһ терминінде ол – баланы бағып-қағуға құқығы бар адамның оны жанына алып тәрбиелеуі деген сөз.

Хадананың мақсаты – жасының кіші болуы, жарым ес сияқты себептермен тікелей өз істерін жасай алмаған баланы қамқорлыққа алу. Бұл жағдайда баланың күтімдік жауапкерлігі мынау: оның істері, тамағы, киімі, ұйықтауы және тазалығы секілді қызметтер. Хадана (қамқоршы) – негізінде сүйіспеншілік, шапағат, сабыр, әдептілік тәрізді парасаттылықты көздеген тәрбие. Бұған әйелдер лайық.

«Хадн» – әйел баласын құшағына басып, оны сүюі және құстың жұмыртқасын не балапандарын қанаттарының астына алу мағынасына келеді. Әйелдің баласын тәрбиелеген кезде оған бәддұға жасап қарғыс айтпауы қажет. Бұл Исламда мәкрүһ саналған.

Алла елшісі: َ

«Өздеріңе, балаларыңа, қызметшілеріңе және малдарыңа бәддұға жасап, қарғамаңдар. Өйткені Хақ Тағаланың тілектеріңе жауап беретін бір сәтке кез келуі мүмкін»170. Хадана (қамқорлық) құқықығы алдымен анасына одан кейін ол жоқ болса, хадана құқығы бар адамдарға беріледі. Бұл жағдай ханафилер бойынша, ер бала жеті жасына дейін, қыз бала кәмелетке толған жасқа дейін, маликилерде үйленіп, тұрмыс құрып кеткенге дейін жалғасады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: