Тақуаның әңгімесі: Өлімің тек бір Аллаға аян!

Тақуаның әңгімесі: Өлімің тек бір Аллаға аян!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір мұсылман елінде бірнеше жігіт жастайынан медреседе бірге оқып, кейіннен әрбірі имам болып мешіттерде қызмет атқарады. Арада жылдар өтіп бір күні біреуі науқастанып хал үстінде жатады. Имам достары жиналып, қасында отырып, тілін кәлимаға келтірсін деп кәлиманы қайталайды. Бұл уақытта әлгі науқастың есі кіресілі-шығасылы еді. Кенеттен әлгі науқас жастықтан басын жұлып алып, қолын созып сөреде тұрған Құранды көрсетіп, оған күпірлік сөз айтып барып демі бітіп, жастыққа сұлқ етіп құлай кетеді.

Жанындағы имам достары әлгіні қимай, іштей толқып жылауға шақ қалып отырған болатын. Оның мына сөзінен кейін олар оған емес, өздерін ойлап жылайды, өйткені өлген имам жиырма бес жыл мешітте имамдық етіп, бес уақыт азан шақырған кісі еді.

Өмірін тұтастай мешітте өткізгенмен, өлерінде Құранға тіл тигізіп, арғы жағалауға имансыз кеткен. Оның мына халін көрген достары өздерінің де әлгінің кебін киюі мүмкін екендігін ойлап жылайды. Иә, кімнің қандай болып өлетіні, қалай қайта тірілетіні бір Аллаға ғана аян...

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: