Әйелдің сұлулығы тек күйеуі үшін ғана!

Әйелдің сұлулығы тек күйеуі үшін ғана!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда кез-келген әйел өзінің сырт келбетін сәндендіре алатын құралдарды дүкен сөрелерінен көптеп таба алады, алайда бұл құралдарды мұсылман қыз-келіншектер өздерін тек күйеуіне ұнау үшін немесе жақын махрам-туыстарының алдында ғана қолдануы тиіс.

Бүгінде әйел сұлулығы жеңіл олжа және қаражат табу көзіне айналған. Әлдебір өнімді жарнамалау қажет болса, міндетті түрде оны әдемі күлкісі бар сұлу қыз жарнамалайды. Сондай-ақ, қызмет істейтін көптеген қыз-келіншектер күйеулері мен отбасы үшін емес, үнемі бөгде адамдар үшін өздерін әдемілеп, сәндеп жүргендері. Үйлеріне келгенде беттеріндегі опа-далапты сүртіп тастайды, өйткені олардың терісі «біраз да болсын демалуы керек қой», ал таңертең жұмысқа барар алдында айна алдына отырып алып, сағаттап боянатын болады.

Аллаға шүкір, мұсылман қыз-келіншектердің құндылықтары мүлде бөлек. Мұсылман қыз-келіншектің сыпайылығы оның жан сұлулығын сақтайды, оның сұлулығы басқаларға қол жетімді емес және де оның Алла жолындағы ыждаһаты қоғамға әлдебір үйлесімділік беріп тұрады. Осылайша, отбасылық құндылықтар нығайып, тәрбиелі де тақуа балалар өсіп-жетілетін болады.

Шынайы еркіндіктің дәмі танауларына да жетпейтін кейбір адамдар мұсылман қыз-келіншектерге «бостандық беру» керек деп айтады. Осындай адамдарды Алла Өзінің хақ жолына түсірсін.

Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан:

Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар (24:31)

Төменде ненің әурет болып табылатыны келтірілген:

Сүрме қолдану, хош иісті әтір жағу, қынамен шашты бояуға болатындығы жөнінде Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадистерінде айтылған.

Мұсылан қыз-келіншектерге тек күйеулерінің және махрам туыстарының алдында опа-далап жағып, әтір себінуге болады. Көшеге шығар алдында, егер ол бетін жауып жүрмейтін болса, онда басқа еркектердің көңілін өздеріне

аудармау үшін бетіндегі опа-далапты сүртіп, әтір себінбеуі керек, тек дезодорант қолдануға рұқсат етіледі.

Адал әйел үшін ең жақсы не болып табылады деген сұраққа Фатима (р.а.) былай жауап берген екен:

«Салиқалы әйел үшін ең жақсысы – бөтен еркектерді көрмеуі, ал бөтендердің оны көрмеуі».

Өйткені фитна бөтен бір еркектің әйелге ғашық болып қалғанында емес, сол әйелге көзі түскеннен басталады.

Маңыздысы күйеуі үшін сұлу болуға тырысу.

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан:

«Ізгі әйел Жаратушысына бойұсынып, Оның бұйырған құлшылықтарын орындайды және күйеуіне бағынады, ол жоқта өзін және оның мүлігін сақтайды».

Көптеген апа-сіңілдеріміз үйдің күйбең тірлігінен, балалар мен жұмыс қамымен жүріп, оларға күйеулерінің көзін қуандыру бұйырылғандығын ұмытып кетеді. Бұл ерлі-зайыптылардың жақсы қарым-қатынасын сақтауда өте маңызды. Егер әйелі күйеуі үшін сәнденіп, әшекейлер тақса, көзіне сүрме жақса, хош иісті әтір себінсе әрі күйеуін жақсы қарсы алатын болса, онда күйеуі үшін үнемі сүйікті болу мүмкіндігі арта түспек.

Күйеуін жұмыстан лайықты түрде қарсы алуға, оны қуандырып, істеріне көмектесуі әрбір келіншектің әдетіне айналуы керек.

Сондай-ақ, күнделікті ішкі жан-дүние сұлулығын арттырып, жүректі зікір айту арқылы тазарту, Құран оқуды жақсы бір әдетке айналдыру қажет.

«Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз» (16:97).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: