ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған елді мекенінде жаңа мешітті ашты. Салтанатты шараға аудан әкімі Талғат Дүйсебаев, облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы және ауыл ақсақалдары қатысты.

350 адамға арналған құлшылық үйі жергілікті демеуші азаматтар мен ауыл тұрғындарының көмегімен аяқталған. Мешіт ішінде дәріс сыныбы да бар.

«Сыр өңірі берекелі өңір. Халқының бірлігі бекем екен. Бірігіп іс қылып, осындай зәулім мешіт салыныпты. Алла Тағала бұл елді мекенге ырыс несібесін молынан берсін. Осы мешіт имандылықтың, тәрбиенің ордасы болсын»-деді Наурызбай қажы Тағанұлы ашылу салтанаты кезінде.

Айта кетейік, бұрын бұл жерде ескі мешіт болған. Тозығы жеткен құлшылық үйі жаңартылып, ауыл азаматтарының атсалысуымен толық ел игілігіне берілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: